USD
USD
USD

453 мыңнан астам қазақстандық ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген

Қазақстанда жұмыссыздар саны 453,1 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,9%, деп көрсетілген ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының хабарында. 

453 мыңнан астам қазақстандық ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Жұмыссыздар саны 453,1 мың адамға тең. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды – 4,9%. Жұмыссыз жүргендер, бірақ жұмыс іздемегендер немесе жұмыс жасауға дайын болмағандар саны 63,1 мың», - деп нақтылады статистика мамандары.

Ресми түрде жұмысқа тұрмағандар, жұмыс көлемінің аз болуынан аз сағат жұмыс жасағандар, ыңғайлы жұмыс кестесімен жүргендер саны 2022 жылдың І тоқсанында 254 мың адам.

2022 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар 6,7 млн адам, өз бетімен жұмыс істегендер – 2,1 млн адам.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза