USD
USD
USD

4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС-лардың бірінің басшысы хабарласты.

4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өз сөзінде ол кәсіпорынның бұрынғы есепшісі пайда табу мақсатта қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша жымқырғанын жеткізді. «Соның салдарынан ЖШС-ға 4 300 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде әйел адам өз кінәсін мойындады», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі уақытта ол қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігіне (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу