USD
USD
USD

42 500 төлемін заңсыз алғандар жазалана ма?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында 42 500 теңгені заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты.

42 500 төлемін заңсыз алғандар жазалана ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеке тұлға не кәсіпкер төлем алу шартына сай болса ғана өтініш беруі керек. Егер төлемді заңсыз алатындар анықталса, 42 500 теңгені төлеген сақтандыру қоры тарапынан төлемді қайтарып беру бойынша талап қоюы мүмкін. Жауапкершілік деген сол. Жұмыс беруші тарапынан ақысыз демалысқа кеткен, табысы шектелген азаматтарға өтініш беруі керек. Егер жұмыс беруші тұрақты жұмыс істеп жүрген азаматтары үшін өтініш берсе, бұл – заңбұзушылық, - деді ол. 

Нұрымбетов ондай жағдай анықталса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін. 

Мемлекеттік сақтандыру қоры өзінің талабын қойып, қаржыны қайта өндіруді талап етеді. Егер оны орындамаса, ол сотқа жүгіне алады. Әрі қарай барлығы соттың шешіміне байланысты болады. Сондықтан ертең қосымша сұрақ туындамас үшін табысынан айырылғандарға ғана өтініш беруі керек, - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана