Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

42 500 теңгеге өтініш қабылдау қашан басталады?

 Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде таратылып жатқан «42 500 теңге» төлеміне өтінім қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат жалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай мәлім етті. 

42 500 теңгеге өтініш қабылдау қашан басталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде», делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр. «Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG

Сарапшылар азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өзара іс-қимылын талқылады

ҚҚДИ

Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру құны екі есе қымбаттайды

тариф