USD
USD
USD

42 500 теңге зейнетақы қорынан алынып жатыр ма?

Мессенджерлерде 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат жинақталған зейнетақы қорынан алынып жатыр деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

42 500 теңге зейнетақы қорынан алынып жатыр ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Мессенджерлерде таратылған 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді. Азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана пайдалануын сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов