USD
USD
USD

42 500 теңге алуға неге қайта өтініш беру қажет?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында

42 500 теңге алуға неге қайта өтініш беру қажет?
Фото: NEGE.kz

осы сауалға жауап берді.

Алматы, NEGE. «Өткендегідей, 42500enbek.kz, egov.kz, өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін "telegram-bot" жұмыс істейді. Мұның барлығы жұма күннен бастап, іске қосылатын болады», - деді Нұрымбетов.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазір қосымша "Халық банк" пен "Каспи банк" ниет білдірді. 

«Халықтың өтініштерін қабылдау үшін порталдар құру туралы ұсыныс тасталды. Бейсенбіге дейін бұл мәселені пысықтап, ақпарат береміз. "Өткенде ақыры алдық, жаңадан өтініш бермей, төлей салуға болмай ма?" деген сұрақтар болды. Өтініш өткізбей, алуға болмайды деп шештік. Себебі, әр өңірде әртүрлі. Бұрын тоқтап тұрғандар жұмыс істеп жатыр. Өткен ТЖ-да жұмыс істеп, қазір жұмыссыз қалған азаматтар өтініш беріп, төлемді алуы тиіс. Барлығын емес, белгілі санатты белгілеп, қосымша талабы жоқ азаматтарды Цифрлық министрлікпен қосылып, оларға проактивті түрде өтініш берусіз тағайындауды жасап көреміз. Жұмаға дейін оны жасақтап, белгіленген азаматтарға SMS жібереміз. Оларға проактивті түрде төлем тағайындауға қарсы емес болса, оны жұмадан бастап өтініш ретінде қабылдайтын боламыз», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы