USD
USD
USD

42 градусқа дейін көтеріледі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 22, 23 және 24 шілдеге арналған республика бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Жаз
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, республиканың оңтүстігінде термометр 42°C дейін көтеріледі.

Республиканың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

22 және 24 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта жауын-шашынсыз, күн ысиды. Республикада жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Сондай-ақ республиканың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұманды болады.

22-23 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40°C қатты ыстық күтілуде. Батыста, солтүстікте, Алматы облысының орталығында ауа температурасы 42°С-қа жетеді.

Күндіз республиканың батысында 35-39°С қатты ыстық болады. Оңтүстік-батыста – 38-42°С ыстық. 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде – 35°С, орталық аймақтарда – 35-38°С, республиканың оңтүстігінде – 40-42°С, оңтүстік-шығыста – 35-39°С.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель