USD
USD
USD

40 жылғы мектеп жөндеуден өтті

 Май ауданының Ақшиман ауылында 40 жыл жөндеу көрмеген мектеп қалпына келтірілді.

40 жылғы мектеп жөндеуден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тозығы жеткен ғимаратта қыста оқу мүмкін емес еді. Кейде сабақ болмай қалатын. Мәселе биыл шешілді. Жөндеу жұмыстарына 90 млн теңге бөлініп, білім беру мекемесі өзгеріп шыға келді. Жылу және жарық жүйелері ретке келтіріліп, ғимараттың есік-терезелері ауыстырылды. Сонымен қатар мектеп жанынан шағын орталық ашылды. Қазір 22 бала орталыққа келіп жүр.

Салтанат Егінбаева, Ақшиман негізгі мектебінің директоры:

– Мектеп 1981 жылы салынды ғой. Осы күнге дейін бізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Осы жылы ғана әнектеріміз, бәрі ауысып, фасадымыз бәрі ауысып, спорт зал, акт залы, барлығы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Балалар саны ақырын ақырын өсіп келеді. мектебімізде бала саны 22-ге дейін түскен. Қазір 50 оқушымыз бар. 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский