USD
USD
USD

40 жыл ұйқыда жатқан жанартау оянды

Кариб теңізіндегі Сент-Винсет аралында Ла-Суфриер жанартауы оянды. Қиындыққа тап болғандарды эвакуациялауға круиз кемелері келді, деп хабарлайды Вusiness insider.

40 жыл ұйқыда жатқан жанартау оянды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ла-Суфриер жанартауы маңайындағы ең қауіпті жерлерден 16 мыңнан аса адамды эвакуациялау көзделіп отыр.

Олардың бір бөлігі Кариб теңізіндегі Сент-Люсия, Гренада, Барбадос және Антигуа көршілес аралдарына орналастырылады. Алайда бірқатар аралдардың билігі өз жеріне тек коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды ғана кіргізетінін айтып отыр, деп жазады басылым.

Адамдар круиз лайнеріне отырмас бұрын вакциналаудан өтуі керек. Сент-Винсент аралында жанартау атқылауы 9 сәуір күні басталды.

Бұл соңғы 40 жылда бірінші рет болып отыр.

Дүлей апат салдарынан арал күлге оранып, көптеген үй электр жарығынсыз және сусыз қалды. Ғалымдар жанартаудың атқылауы әлі бірнеше күнге немесе аптаға созылуы мүмкін дейді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер