USD
USD
USD

40 тонна қызанақ жиналды

Шымкентте азық-түлік белдеуін қалыптастыру және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

40 тонна қызанақ жиналды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Соның бір бағыты биыл қалада 2 бірдей жаңа өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды.

Қаратау ауданындағы «AGROPARK KZ» жылыжай кешені 5,2 гектар аумаққа орналасқан. Шілде айында жұмысын бастаған жобаның жалпы инвестиция құны 1 326,0 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 331,5 млн. теңгені мемлекеттен қолдау ретінде берілген.

Жылыжайда жылына 1 200 тонна көкөніс өнімін өндіру көзделген. Шілде айында қызанақ көшеті қондырылып, шаруалар қазір өнім жинау жұмысын атқаруда. Бүгінге дейін 40 тонна қызанақ жиналған. Бұл көкөніс бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа саудаланбақ.

Жуырда өз жұмысын бастағалы тұрған «IGM-CORPORATION» жылыжай кешені Еңбекші ауданында орналасқан. Шаруа қожалығы 4 гектар аумаққа қызанық өсіруді жоспарлауда. Жобаға 1050,0 млрд. теңге инвестиция салынып, оның ішінде 262,4 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау.

Аталған жылыжайда жылына 1 200 тонна қызанақ өндіру жоспарланған. Шаруалар өнімдерін қала нарығына шығарады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек