USD
USD
USD

40 млн теңгені жымқырған «Қазпошта» қызметкерлері ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 40 млн теңге жымқырған қызметкер ұсталды.

40 млн теңгені жымқырған «Қазпошта» қызметкерлері ұсталды
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE.  Батыс Қазақстан облысында 40 млн теңгені жымқырған «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы пошта бөлімшелерінің бірінде жұмыс жасайтын екі әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған екі қызметкер ЖШС өкілінің осы серіктестік есепшотына аудару үшін тапсырған қаражатының бір бөлігін жымқырған. Келтірілген залал көлемі 33 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар аталған екеу алдау және сенімге кіру жолымен зейнеткерлерге тиесілі 7 млн астам теңгені қолды қылған.

Осы қылмыстарға күдікті ретінде қолға түскен екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе