USD
USD
USD

40 миллион вакцинаға тапсырыс берілді

Германия үкіметі жергілікті екі компанияға коронавирусқа қарсы вакцинаның 40 миллион данасына тапсырыс берді

40 миллион вакцинаға тапсырыс берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, Майнц және Тюбинген қалаларындағы кәсіпорындар екі түрлі вакцина шығарған. Олардың біреуі клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Ол сәтті аяқталса, бұл вакцинамен ең алдымен Германия қамтылады дейді. 

Үкімет COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны шығаруға 750 миллион еуро бөлген болатын. Халық асыға күткен бұл дәрі қашан шығатыны әлі белгісіз. Германия денсаулық сақтау министрінің болжамынша, вакцинаны келесі жылдың басында кеңінен қолдана бастайды.

"Әркімнің еркі білсін. Қаласа, жасайды, қаламаса, зорлық жоқ. Бірақ біз көздеген мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын. Германия тұрғындарының көбісі екпе ектіруге қарсы емес. Біздің есебімізше ұжымдық иммунитетке жету үшін халықтың 55-60 пайызына екпе жасау қажет. Мен білсем, азаматтар белсенділігі сол межеге апарады", - деді Германияның денсаулық сақтау министрі.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық