USD
USD
USD

«40-42 градус ыстық»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі. 

«40-42 градус ыстық»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 5-7 тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Таяу күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жаңбыр мен найзағаймен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады; республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Елдің батыс аймақтарында әлі де жоғары қысым ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Қазақстанның басым бөлігінде температура біртіндеп төмендейді.

Алайда, 5-6 тамызда күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov