USD
USD
USD

40 жыл бұрын ұрланған револьвер табылды

Ақмола облысының криминалисі 40 жыл бұрын ұрланған револьвердің маркировкалық нөмірін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

револьвер
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2023 жылдың соңында Ақмола облысында зауыттық нөмірлері жойылған, антикварлық қаруға жататын, 1914 жылы басып шығарылған Наган револьвері табылды.

Бірнеше ай өткеннен кейін револьвер Ақмола облысының ПД ЖКБ бас криминалисі Аян Имағанбетовтің қолына түсті. Аян – қарудың көптеген түрімен жұмыс істеу тәжірибесі бар маман, ол әрбір бөлшегін бөлшектеп қарап, револьверді мұқият зерделей бастады. Оның кәсіби көзқарасы револьвердің маркировкалық нөмірін табуға көмектесті.

ІІМ есептері бойынша тексеру кезінде бұл қарудың Қызылорда облысының аумағында 1981 жылы ұрланғаны белгілі болды. Енді полиция қызметкерлерінде револьвердің басқа өңірге қалай жеткенін, оны қолдана отырып, өткен 40 жылда қандай қылмыс жасалуы мүмкін екенін анықтау міндеті тұр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж