USD
USD
USD

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік қызметі тамызда Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстағанын хабарлады.

шенеунік ұсталды
Фото: Видеодан кадр/ҰҚК

Астана, NEGE. Ведомство ақпаратынша, олар жүгі рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз етті деген күдікке ілінген. Шенеуніктерді ұстау операциясын ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен прокуратура бірлесіп жүргізген.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомада материалдық сыйақы алған.

«Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысы Ербол Махметовке қатысты тергеу жүріп жатқанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы