USD
USD
USD

4 жыл бұрын тоқтап қалған Карғыба өзеніндегі бөгетті реконструкциялау жобасы қолға алынды

Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысы Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінің бөгетін реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Бұл жоба 2021 жылы оны әзірлеу кезінде кеткен олқылықтарға байланысты тоқтатылған болатын.

Карғыба өзені
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылы жобалау-сметалық құжат қайта қаралып, түзетулер енгізу басталды. Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша, жұмыстар келесі жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталады.

Бүгінгі таңда үш су қақпағы мен бұрандалы көтергіштер алынып, қайта орнатылды. Бөгеттің су таситын бөлігінде арматуралық торлар толық орнатылып, бетон құю жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Сонымен қатар өзеннің жоғарғы бөлігі лай мен тұнбадан тазартылып, қосалқы бөгет тұрғызылып жатыр. «Қазақстан» магистральды каналының су алу нысанында да жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде.

«Бұл жобаның мақсаты – «Жаңа-Тоған» каналына суды тиімдірек жеткізу, өзен түбіндегі лай мен шөгіндінің суға араласпауын қамтамасыз ету және балықтардың қырылуының алдын алу. Ал магистральды канал мен ондағы құрылыстарды жөндеу судың дұрыс бөлінуіне, ысыраптың азаюына және суды үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді»,

– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net