USD
USD
USD

Ақтөбелік депутат тойдағы әрекетінің ерсі көрінгенін мойындады

Желіде Ақтөбеде болған тойлардың бірінде қонақ жігіттің беташар табағына бума-бума ақша лақтырғаны қызу талқыланды. Ол барлығы 4 млн теңге салған. Видео астындағы пікірлерде қалталы қонақтың жергілікті мәслихат депутаты және кәсіпкер Аслан Қайырғалиев екені айтылды.

Аслан Қайырғалиев
Фото: instagram.com/aslan.kaiyrgaliyev

Астана, NEGE. Көп ұзамай бұл жайтқа депутаттың өзі пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл видео бала кезден бірге өскен досының тойында түсірілген, өзі сол тойда жігіт жолдас болған. Ал 4 млн теңгені күйеу жігіттің достары бірлесіп жинап берген. Тойда сол ақшаны барша досының атынан тарту еткен. Бұған қоса, депутат ақшаны бумалап шашқаны көзге оғаш көрінгенін мойындады.

«Бұл менің өз қаражатым емес. Сондай-ақ тойдағы іс-әрекетім, яғни ақшаны санау сәті көзге оғаш көрінгенін енді түсініп отырмын. Ешқандай да мақтану немесе назар аударту ниетім болған емес, жай ғана досымның тойындағы қуанышты сәт қана болатын. Қоғам алдында жүрген азамат ретінде айтылған сын-пікірлерді толықтай қабылдаймын», – дейді Аслан Қайырғалиев.

Депутат алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеуге уәде етті. 

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң