27 Сәуір 21:19

4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылған күн: «Алматы – бақ қала» акциясы қалай өтті?

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 8 мыңнан астам ағаш, оның ішінде 4515 жеміс көшеті отырғызылды. Қала әкімі Ерболат Досаев жеміс ағаштарын отырғызуға атсалысты.

Алматы, NEGE. Қаланың барлық ауданында ағаш пен бұтаның көшеті отырғызылды. Жаңа Сайын көшесінің шығыс жағындағы ҮАК бойындағы саябақта қала басшысы Ерболат Досаев көшет екті.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Қала тұрғындарымен, қоғам қайраткерлерімен және эко-белсенділермен бірлесіп Алатау ауданының аумағында 500 алма және 500 өрік көшеті отырғызылды.

Алма бағы 2270 көшет отырғызылған «ALA» саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы 1000-ға жуық жапырақты ағаш көшеті отырғызылды.

Қаланың әр жерінде аудан әкімдіктері алма көшетін екті, оның 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш және 2600 бұта, атап айтқанда сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.

Алматы әкімдігі
Фото: из открытых источников

Ағаш отырғызу үшін Алматының барлық аудандарында арнайы орындар белгіленді. Шаһар басшысы мен қала тұрғындары БАК бойындағы саябаққа 500 алма ағашы мен 500 өрік отырғызды.

«Шараға қалаға бей-жай қарай алмайтын тұрғындар қатысып жатыр. Біз де депутаттық корпус ретінде келдік. Бүгінгі күннің ерекшелігі сол, біз жеміс ағаштарын отырғызудамыз. Біраз уақыттан кейін біздің қала өзінің апортымен, жеміс-жидектерімен танымал болып, өзінің даңқын қайтарады», — деді Алматы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.

Сонымен қатар, Қазмемцирк артистері «Алматы – бақ қала» акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында цирк қызметкерлері Алматыны көркейтуге үлес қосты. Олар Қарағайлы орманына жаппай ағаш отырғызды.

«Біз цирк қызметкерлері 8 сәуірден бастап қаламыздың барлық 8 ауданына ағаш отырғызуды бастадық. Бүгін үлкен оқиға. Талай көшет ектік, адамдар да көп келді. Біздің ортақ үйімізде - Алматыда өзімізді бір отбасы мүшесі ретінде сезіндік. Қаламыз одан сайын жасыл желекке бөленіп, әдемі бола берсін», - деді Қазмемцирк директорының орынбасары Нұрлан Алтаев.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Асылы Осман мұндай бастамалар өмірдің барлық саласында экологиялық мінез-құлықтың жаңа үлгісін дамытады деп санайды.

«Біздің қала гүлденіп, өзгере берсін, бәріміз оны қорғауымыз керек. Жасыма қарамастан, бүгін осы акцияға қатысамын, өйткені Алматы біреу, әркім өз үйіне қамқорлық жасауы керек», - деді профессор.

Оның пікірінше, ағаш отырғызу сенбіліктен ауқымы әлдеқайда үлкен, өйткені мұндай іс-шаралар біріктіруші фактор.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Акцияны қазақстандық жұлдыздар қолдады.

«Мен бұл акцияны қуана қолдадым, өйткені бәріміз Алматыда тұрамыз, сүйікті қаламыз әдемі, гүлденген әрі таза болуы үшін әркім үлес қосуы керек», - деді әнші Мәдина Сәдуақасова.

«Бүгін Алматы қаласының әкімі екеуміз әріптес артистердің қолдауымен ағаш отырғыздық, әрқайсымыз қаламыздың көркеюіне үлес қосамыз. Барлығына алғыс айтамыг, Алматы - біздің ортақ үйіміз!», - деді әнші Дидар Каденов.

«Құрметті Алматы тұрғындары мен қонақтары, сіздерді осы іс - шараға қатысуға шақырамын, тазалық сақтайық, Алматы - біздің ортақ үйіміз», - деді әнші Мақсат Базарбаев.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Алматы – бақ қала» жалпықалалық акциясы өтті. Алма бақтарына жаппай көшет отырғызу барысы тікелей эфирде көрсетілді.