USD
USD
USD

4 қабаттан секірмек болған әйелді полиция құтқарды

 25 сәуір түнінде Оралда полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында әйел адам өзіне қол жұмсап, көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секірмек болғанда құтқарылды, деп хабарлайды POLISIA.KZ.

Қол жұмсау
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кердері көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің төртінші қабатында секіру әрекетін жасауға талпынған әйелдің өмірін полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен сөйлесіп, оның назарын басқа жаққа аудара отырып, полиция қызметкерлеріне қажетті әрекеттерді үйлестірді. Полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полиция аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабат арқылы көтеріліп, әйелге дер кезінде көмек көрсетті. Олар балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді ұстап, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің батылдығы мен кәсібилігінің үлгісі болып табылады. Олардың әрекеттері адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді, тұрғындар тарапынан жоғары бағаланды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат