USD
USD
USD

«4 баланың анасысыз, басқа ана шырылдағанда аяушылық сезімі болмады ма?» – Эльмира Нұрбекова полицияға не себепті хабарласпағанын түсіндірді

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Эльмира Нұрбекова
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгін куәгер қыздардың бірі Эльмира Нұрбековадан жауап алынып, сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабы түсірілген видео қаралды.

Сот барысында прокурор Дана Сәрсенбай іс бойынша куәгер деп танылған Эльмира Нұрбековаға бірнеше сұрақ қойды.

«Алдыңғы сот отырысында мен сізге сұрақ қойған болатынмын. Сізге жедел жәрдем шақыруға не кедергі келтірді, телефоныңыз қайда болды? Сіз сол оқиғадан кейін шок жағдайда болдым дедіңіз, бірақ одан кейін «777» дүкенінен бардыңыздар. Сіздер сол оқиға орнынан кейін Абзал, Шыңғыс, Нұрқияс (сіздің сөзіңіз бойынша) автокөлікке отырып, тауға қарай беттедіңіздер. Жолда мен айтқан дүкенге кірдіңіздер. Сол дүкенге кірген кезде де хабарласуға мүмкіндік болмады ма?», – деп сұрады мемлекеттік айыптаушы. 

«Жоқ, мүмкіндігім болмады. Себебі, мен сол сәтте қорықтым. Данамен бірге Талғар қаласына түскен кезде, екеуміз полицияға бәрін айтамыз деп ойладық», – деп жауап берді Нұрбекова. 

Прокурордың: «Полиция мен жедел жәрдемге хабарласуға қорыққан екенсіз. Сонда, қолында қаруы бар ер адамдармен бірге жүруге қорықпадыңыз ба?», деген сауалына куәгер: «Қорықтым ғой», деді. Алайда, судья аталмыш сауалды алып тастады. 

«Нұрбекова, сіз өзіңіз төрт баланың анасысыз ғой. Жерде жатқан баланың анасы шырылдап: «Баламды өлтірмеші!» деп жанайқайын айтып жатыр. Сол кезде сіздің ішіңізде аяушылық сезімі пайда болмады ма?», – деп сұрады прокурор. 

«Мен бір орнымда тұрып қалдым. Ондайды бұрын көрмегенмін. Адамды мұндай жағдайда көріп, шок болдым. Мен ол жақта не болып жатқанын түсінбедім. Төбелес болды, оқ атылды. Оларды барынша ажыратпақ болдым. Равильді жетектеп алып кеттім», – деді Нұрбекова. 

Прокурор: «Бала жерде жатқан болатын. Және үсті қан-қан болды. Бала ішімен жатқан кезде Абзал (айыпталушының бірі) қолындағы пышағымен арқа жағынан ұрып жатқанын көрдім» деп нақты айтқансыз. Осы жауабыңызды қолдайсыз ба?», - деп сұрады. Куәгер Нұрбекова: «Айтып тұрмын ғой, сол кезде бізді екі күн облыстық ішкі істер басқармасында ұстады. Шаршап тұрдық, тамақ та, су да ішпедік. Бізді кабинеттен кабинетке «сүйреледі». Бірі алып кетіп тергеді, екіншісі тағы тергеді. Шынымды айтайын, сол кездегі көп нәрсе есімде жоқ. Полицейлер жазды. Ал біз үйге қайтуды ойладық. Не сұрап жатқанын да түсінбедім. Орыс тілінде айттым, қазақшаға қалай аударғанына мән бермедім. Үйге тез қайту үшін берген қағаздарына қол қойып бердім», - деді. 

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов