USD
USD
USD

3 жылда ЖІӨ қандай болады?

2023 жылы Қазақстан жылына 100,8 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

3 жылда ЖІӨ қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары келесідей болады: ынталандырушы макроэкономикалық саясат және қаржы нарығының дамуы; салаларының бәсекеге қабілеттілігі және экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуі; инвестициялық және бизнес ахуалды одан әрі жақсарту; сапалы адами капитал; теңгерімді өңірлік даму; тиімді мемлекеттік сектор; белсенді сауда саясаты және экспортты ілгерілету», – деді министр.

Оның айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қалыптастыру кезінде келесі болжамды параметрлер қолданылды.

Біріншіден, жалпы ішкі өнімнің 2021 жылы 2,8, 2022 жылы 3,7 және 2023 жылы 4,6 пайызға нақты өседі.

Екіншіден, 2021-2022 жылдары инфляция 4-6, 2023 жылы 4-5 пайызды құрайды.

Үшіншіден, мұнай өндіру көлемінің 2021 жылы 86 млн тонна, 2022 жылы 89,6 млн тонна және 2023 жылы 100,8 млн тонна деңгейінде болады.

Консервативті тәсілді ескере отырып, 2021-2023 жылдары мұнай бағасының бір барреліне 35 доллар деңгейінде алынды», – деді ол.

Министрдің атап өтуінше, аталған макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде бюджет параметрлерінің болжамы қалыптасты.

«Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2021 жылы 6 926 млрд теңгені, 2022 жылы – 8 566 млрд теңгені, 2023 жылы – 9 217 млрд теңгені құрайды», – деді Руслан Дәленов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай