USD
USD
USD

3 жылда 11 құс фабрикасы салынады

Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беріледі.

3 жылда 11 құс фабрикасы салынады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. «Қазір өзімізде өндірілетін құс етінің көлемі ішкі нарық қажеттілігінің 58 пайызын ғана жабады. Толықтай молықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Өткен жылдың өзінде қуаты 94 мың тонна болатын 8 құс фабрикасы іске қосылды. Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жобаларды үш жыл ішінде іске қосу құс еті бойынша қажеттілікті толық көлемде өтеуге мүмкіндік береді», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған министр.

Сонымен қатар ол ішкі нарық отанымызда өндірілетін шұжық өнімімен 62 пайызға қамтамасыз етілгенін айтты. «Толықтай молықтыру қуаты 77,8 мың тонна болатын 6 ет комбинатын іске қосу есебінен, сондай-ақ айналым мақсаттарына арналған қаржыландыру және фермерлерді малды союға, өткізуге ынталандыру есебінен қамтамасыз етілетін болады»,- деді Сапархан Омаров.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу