USD
USD
USD

3 мың жылдық мумия сөйледі (видео)

Британ ғалымдары біздің дәуірімізге дейінгі 1100 жылы өмір сүрген мысырлық абыз Несьямунның дауысын келтіре алған. Олардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі Scientific Reports журналында жарияланды. Ондағы деректерге сенсек, мумияның дауыс желбезегі мен көмейі жақсы сақталған екен.

3 мың жылдық мумия сөйледі (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Компьютерлік томограф көмегімен инженерлер мыңдаған жыл бұрын марқұм болған абыздың дыбыс органдарының үшөлшемді үлгісін жасап, оны 3D-принтерге шығарған. Одан кейін түтік түріндегі басып шығарылған үлгіні динамикке орнатып, бұған дейін 3D-принтерде басып шығарылған  «ауыздан» шыққан дыбысты жазып алған. Нәтижесінде абыз «ә» және «і» дыбыстарына ұқсайтын дыбысты шығарған.

Дегенмен зерттеушілер жұмыстарында кемшіліктер бар екенін мойындайды.

  • Біріншіден, Несьямунды мумиялау барысында басы дұрыс тым шалқайып қалған, ал бұл сөйлеу жолдарының қалыптасуына және дыбыстың қалыптасуына әсер етеді.
  • Екіншіден, мумияның тілінің бір бөлігі мен таңдайы сақталмаған, ол да дыбысты едәуір өзгертеді.

Дегенмен ғалымдар осыдан үш мың жыл бұрын өміур сүрген мысырлық абыздың дауысын шамалап келтіргендеріне сенімді. Абыздың дауысы орташа статисткиалық ерлердің дауысынан жоғары болғаны анықталды. Зерттеуге қатысқан профессор Дэвид Говард Фивадағы ғибадатханада қызмет еткенде Құдайларға мадақ ән орындаған және жүздеген адам алдында уағыз айтқан абыздың дауысы жоғары болуы заңдылық деп санайды.

 Несьямунның дауысына қатысты тәжірибе өлген адамның дауысын қалпына келтіру бойынша сәтті шыққан тұңғыш жоба. Ғалымдар болашақта сәтті тәжірибені одан әрі жетілдіріп, жұмыстарын жалғастыра беруге бекінген.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова