USD
USD
USD

3 мың ерікті COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны сынамақ

3 мың қазақстандық ерікті COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны сынамақ.

3 мың ерікті COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны сынамақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлім етті. «Қазіргі мәліметтер бойынша COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцина (QаzCovid-in) шетелдік мамандар әзірлеген вакцинадан кем түспейді. Алдағы 29 қарашада клиникалық зерттеудің 2-ші кезеңі аяқталады. Зерттеу 200 ерікті адамға жүргізіліп жатыр. Желтоқсан айында еліміз бойынша тағы 3 мың еріктіге клиникалық зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. О

дан бөлек, елімізде коронавирус індетіне қарсы тағы да басқа вакцина әзірлеу жарияланды. Бірақ оған біздің қатысымыз жоқ. Біздегі мәліметтер бойынша ол вакцина шетелдік мамандардың қатысуымен әзірленуде. Сондықтанда оны 100 пайыз отандық вакцина деу қиынға соғады», - деді К. Закарья ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылыми комитетінің «GYLYM TALKS» атты онлайн жобасында. Біздің каналымызға жазылыңыз:

 

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО