USD
USD
USD

3 миллионнан астам азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына қаржының жеткілікті бөлінбеуі нәтижесінде сақтандырылған азаматтар өздеріне тиесілі медициналық қызметті толық көлемде ала алмай отырғанын айтты. Президенттің саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасы аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова хабарлады.

3 миллионнан астам азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және халықтың 15 жеңілдік алушы санаты үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарнасына жұмсалатын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау; қаржыны әкімшілендіруді оңтайландыру және оны тиімді пайдалану мақсатында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен МӘМС пакеттерінің қаржы ағынын біріктіруді заң жүзінде реттеу;  МӘМС жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды толыққанды іске қосу үшін медициналық көмек бағыттары мен ерікті медициналық сақтандыру есебінен өтелуге арналған қызметтер тізбесі анықталады, сондай-ақ шетелдіктерге, дәлірек айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерге міндеттелетін медициналық сақтандыру заң жүзінде бекітіліп, іске асырылады», - деді спикер. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 миллионнан астам азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, тіркелмеген жұмыссыздар және ресми еңбек шартынсыз жұмыс істейтіндер.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан