USD
USD
USD

3 қалада жылдамдығы жоғары 5G интернет қолжетімді болады

  Елімізде 5G интернет желісін орнатудың арқасында оның сапасы еселене түспек.

3 қалада жылдамдығы жоғары 5G интернет қолжетімді болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті«2022-2023 жылдары елімізде 5G интернет желісі орнатылады. Біз 3 қалада 5G жүйесінің көмегімен жоғары санатты интернетті ұсынатын боламыз. Бүгінде еліміздің кейбір өңірлерінде интернет жылдамдығы жоғары, сол көрсеткіш барлық жерде болуы керек. Ал қазіргі бар 4G интернет желісінің сапасы бірнеше есеге дейін артады. Тиісінше елімізде жоғары жылдамдыққа ие интернет пайда болады.

Қазірдің өзінде 4G-дің арқасында интернетте жаңа мүмкіндіктер, тіпті жаңа әлеуметтік желі пайда болып жатыр. Ал 5G интернет желісінің мүмкіндігі одан да көп», - деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде. Бұған дейін министр не себептен Қазақстанда телефон коды +997 нөміріне ауыстырылғанын түсіндіріп берген еді. Сондай-ақ, Б. Мусин Б. Мусин бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатынын хабардар етті.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков