386 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды
Бес жыл бойы ақша жымқырған қылмыстық топ ұсталды.
Алматы, NEGE. Қарағандыда бес жыл бойы жалған шот-фактуралар жазып келген қылмыстық топ мемлекетке 386 млн теңгеге залал келтірді. ҚР ҚК Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бес жыл бойы Қарағанды қ. аумағында жұмыстарды нақты орындамай және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз қызметпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың бақылауындағы 27 кәсіпорын құрғандығы анықталды.
Бұл кәсіпорындар қызметке және жалған шот-фактураларды жазып беруге заңдылық беру мақсатымен салық салынатын айналымды жасанды ұлғайту үшін топ мүшелері және басқа тұлғаларға тіркелген немесе сатып алынған. Қылмыстық әрекеттерді жасыру мақсатында белгілі уақыттан кейін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының басқа облыстарына қайта тіркелген. ҰҚТ қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал сомасы 386,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта бақылаудағы кәсіпорындардың ақша қаражатына жалпы сомасы 287 млн теңгеге тыйым салынды.
Қазір оқып жатыр
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған