USD
USD
USD

37 судья жұмыстан НЕГЕ кетті?

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдап, саланың жай-жапсарымен танысты. Өткен жылы Қазақстанда бірқатар сот тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 

37 судья жұмыстан НЕГЕ кетті?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылы заңсыз шешім қабылдаған, сот әдебін бұзған, аттестациядан өтпеген 37 судьяның теріс іс-әрекеттері үшін жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат берілді. Бірқатар соттың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жайында айтылды.

«Жақып Асанов Қазақстан президентіне сот шешімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді», – деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Президенттің пікірінше, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық дауларды шешу механизмі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу маңызды міндет саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді. 

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы