USD
USD
USD

34 жастағы әйелді тапсырыспен өлтіргендер сотталды

Алматы облысында 34 жастағы әйелді бір жасар қызының көзінше өлтірген ер адамдарға қатысты сот үкім шықты.

34 жастағы әйелді тапсырыспен өлтіргендер сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарасай ауданы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты екі күдіктіге қатысты үкім шығарды.

Сот жарыссөзінде прокурор соттан айыпталушыларды кінәлі деп тануды және әрқайсысын 20 жылдан бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурордың пікірімен толық келісті.

Сот әйелін өлтіруге тапсырыс берген ер адамды қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Ал қылмысты жасаған 35 жастағы екінші айыпталушы 15 жылға сотталды.

Сондай-ақ олар марқұмның отбасына 20 миллион теңге көлемінде моральды шығын өтеуге міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы