Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

3,4 мың ата-ана неге әкімшілік жауапкершілікке тартылды?

 Алматы қаласында балалары түнде көшеде жүрген 3,4 мың ата-ана айыппұл төледі.

3,4 мың ата-ана неге әкімшілік жауапкершілікке тартылды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы қылмыс 37,4% төмендеді, ауыр қылмыс түрлерінің саны 31,6% төмендеса, аса ауыр қылмыстарға жол берілмеді. Талдау көрсеткендей, қылмыстардың жартысынан көбін басқа қалалардан келген жасөспірімдер жасаған. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 48,8% азайды.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жеті жалпықалалық жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді – «Жасөспірім», «Демалыс», «Қауіпсіз мектеп», «Жақсылық бәріне қолжетімді», нәтижесінде 396 жасөспірім мен 340 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарына тіркеуге қойылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз қалған 210 бала орналастырылды», – деді Алматы қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. Сонымен қатар, ол 3 420 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Себебі, олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары түнгі уақытта көшеде жүрген.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.