Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

33 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Атырауда Конституция күні қарсаңында 33 отбасы жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

33 отбасы жаңа пәтерге ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа пәтерлер «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйдің бірінен берілді. Баспаналы болғандардың дені – 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар. «Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бергі 8 айда жаңа баспана алғандардың саны 257 отбасыға жетті», - деді Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев. Оның айтуынша, биыл қоныс тойын тойлайтын отбасылар қатары арта түспек. Жыл аяғына дейін тұрғын үй кезегінде тұрғандардан бөлек апатты жағдайдағы жатақханалардың тұрғындарын да көшіру көзделіп отыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант