8 Ақпан 18:39
...

338 715 теңге: Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Фото:

Қазақстанда орташа жалақы өсті, - деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

Алматы, NEGE. "Қазақстанда 2022 жылдың 4-тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 338 715 теңге болды. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 22,9 пайызды, нақты мәнде 2,8 пайызға тең", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың 4-тоқсанында 204 168 теңге.

"IV тоқсандағы орташа жалақының өсуі жыл соңында берілетін сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан келген мәліметтер негізінде аламыз. Деректер кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай ұсынылғанын атап өту қажет", - деп түсіндірді Бюроның еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі құрылыс - 42 пайыз, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету - 32,6 пайыз, ақпарат және байланыс - 31,9 пайыз салаларында байқалды.

2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды - 2,4 пайыз.

Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді - 35,2 пайыз. Ең төменгі өсім Алматы облысында - 6,5 пайыз.

Тегтер: