USD
USD
USD

32 рейс неден кешікті?

Қолайсыз ауа райына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайда 32 әуе рейсі кешіктірілуде, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. 

32 рейс неден кешікті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен бірге, 17 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай жатыр. Атап айтқанда, «Air Astana» әуе компаниясының 9 рейсі (олардың ішінде Омбы, Ташкент, Мәскеу мен Киев қалаларына бағытталған халықаралық бағыт), «Qazaq Air» әуе компаниясының Алматы және Қостанай қалалырна 2 рейсі, «Fly Arystan» әуе компаниясының Павлодар және Қостанай қалаларына арналған 3 рейсі, «SCAT» әуе компаниясының Ұлан-Батыр, Алматы және Ақтөбе қалаларына бағытталған 3 рейсі, «LOT Polish» әуе компаниясының Варшаваға бағытталған 1 рейсі кешіктірілген.

«Қолайсыз метеожағдайға байланысты әуежайда 15 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай отыр. Мәселен, «Air Astana» әуе компаниясының 7 рейсі, «Qazaq Air» әуе компаниясының 2 рейсі, Fly Arystan» әуе компаниясының 2 рейсі, сонымен бірге «LOT Polish», «Lufthansa», «Turkish Airlines» және «SCAT» әуе компанияларының бір-бір рейсі. Боранның көтерілуіне байланысты әуе сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кемелерін мұздауға қарсы өңдеуге рұқсат берілмейді. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский