Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

324 атыраулыққа айыппұл салынды

 Атырау қаласының 324 тұрғынына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

324 атыраулыққа айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау қалалық прокуратурасының мәліметінше, карантиндік шектеу шараларының ұзартылғанына қарамастан кейбір тұрғындар тарапынан бұл талаптың сақталмайтыны анықталып отыр. «Шектеу шаралары кезеңінде 324 тұлға айыппұл жазасына тартылды. Тек, өткен аптаның ішінде түрлі іс-шараларды өткізумен байланысты 32 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мейрамханаларда 8 салтанатты шара, түңгі мезгілде жұмыс істеген 13 кафе-бар, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тыйым салған 3 нысан (кинозал, компьютер клубтары) бар.

Атырау қалалық прокуратурасы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық азаматты шектеу шараларын сақтауға шақырады. Сондай-ақ, шектеулерді бұзған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін әкімшілік жауапкершілік барын ескертеді» -деп хабарлады Атырау қалалық прокуроратурасынан. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 1600 рейдтік тексеру жүргізілген. 

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар