Референдум Референдум
18 Ақпан 11:40
...

3,1 млрд теңге түскен: онлайн-казино бойынша күдікті Грузиядан жеткізілді

Күдікті
Фото: Видеодан скрин/Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деп күдікке ілінген Рантик Бахтияр Оғлыға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Референдум

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, ойын платформасының жұмысына мыңнан астам құмар ойын түріне қолжетімділік ұсынатын bingo37.pro сервисі пайдаланылған. Олардың қатарында «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындар бар.

Ойыншыларды тарту Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жүргізілген. Онда жарнамалық, фото және бейнематериалдар, түрлі акциялар мен бонустық бағдарламалар туралы ұсыныстар таратылған. Сол арқылы қолданушыларды жеңіл әрі жылдам ұтысқа қол жеткізуге болады деп сендірген. Ақша аударылғаннан кейін ойыншыларға платформаға кіруге арналған логиндер мен құпиясөздер берілген. 

«Ойыншылардан қаражат қабылдау және қаржы ағындарын жасыру мақсатында күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын – дроперлерді тартқан. Олар Қазақстан аумағына әдейі келіп, банк шоттары мен абоненттік нөмірлерді тіркеп, кейін оларды пайдаланбай, ұйымдастырушыға тапсырған. Нәтижесінде дроперлердің атына тіркелген шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскен», – дейді ҚМА өкілдері.

2025 жылдың тамыз айында Рантик Бахтияр Оғлыға халықаралық іздеу жарияланып, сот сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

2026 жылдың қаңтарында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Үшінші тұлғалардың атына рәсімделген екі автокөлік – PORSCHE CAYENNE және LEXUS GX 460 сот қаулысымен мемлекет кірісіне тәркіленді.

Референдум