USD
USD
USD

30 тамызда самокатқа қатысты жаңа заң күшіне енеді

  Шағын электр көлігі құралдары мен самокаттарды пайдалану ережесі бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

30 тамызда самокатқа қатысты жаңа заң күшіне енеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа заң 30 тамыздан бастап күшіне енеді. Енді самокат тізгіндейтіндер нені ескеруге тиіс? Электр самокаттардың, шағын электр көлік құралдары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері айқындалды. Енді шағын көлік құралын тізгіндеген жандар жол ережесін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Анар Алтынбекова, ҚР ІІМ Астана қалалық Полиция департаментінің аға инспекторы:

– Жыл басынан бері электр самокат, велоспиед, мопед жүргізушілерінің қатысуымен 50-ден астам жол-көлік оқиғалары орын алды. Электр самокат жүргізушілеріне жол жиегімен шектеусіз жүруге, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмей, сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге рұқсат етіледі.   

Электр самокат жүргізушілері жүк тасымалдау ережелерін де бұзбауы тиіс. Қазір Астана қалалық Полиция департаментінің өкілдері қала тұрғындарына жаңадан қабылданатын заңдағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елордада шерингтік компания мүшелерінің ұйымдастыруымен самокат жүргізушілеріне қарапайым жол ережелерін түсіндіретін арнайы шара өтті. Қызығушылық танытып келген тұрғындар самокатпен кедергілерден өтіп, жүргізушілік қабілеттерін шыңдады.

 Парламент қабырғасында бұл заң жобасы қызу талқыланды. Мәжіліс депутаттары бірқатар бастамалар көтерді. Нәтижесінде ұсынымдар ескеріліп, заңға өзгерістер енді. Енді электрлі көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі артады. Ереже сақтамағандар заң алдында жауап береді. 

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net