USD
USD
USD

30 наурыздан банктер жұмысын уақытша тоқтатады

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлайды.

30 наурыздан банктер жұмысын уақытша тоқтатады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған мерзім аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді