2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

30 млн теңгеден астам қаржы жымқырған басшы сотталды

Ақтөбе облысында 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған кәсіпорын басшысы сотталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

30 млн теңгеден астам қаржы жымқырған басшы сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолын кесті. Облыстағы бір кәсіпорынның басшысы «Ақтөбе облысы Байғанин ауданында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалуы тиіс 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иеленіп алған.

Байғанин аудандық сотының үкіміне сәйкес кәсіпорын басшысы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур