USD
USD
USD

30 млн теңге пара алған шенеунік 11 жылға сотталды

Түркістан облысы Келес ауданында мердігерден 30 млн теңге пара алған шенеунік сотталды.

30 млн теңге пара алған шенеунік 11 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram парақшасы ресми мәлімет таратты.

Оған сенсек, 14 шілдеде Түркістан облыстық қылмыстық істерге мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Келес ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы А.С. Кенегесов сотталған.

Айыпталушы алдағы 11 жыл 3 ай уақытын түрмеде өткізеді. А. С. Кенегесов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлімі және 24-бабы 3-бөлімі бойынша айыпталған еді.

Бөлім бастығы 2020 жылдың 8 маусымында компания директорынан 30 млн теңге көлемінде пара алған.

Бұл - құны 3 млрд теңге болатын қосалқы станса құрылысына арналған мемлекеттік сатып алу келісімшартының 1 пайызы болатын. Ол тендер құнының 1 пайызын пара ретінде алып, қалтасына басуды жоспарлаған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт