33 минут күткен: Досаев Алматы қаласындағы қоғамдық көлік мәселесін шешудің жолын айтты

Алматы қаласының әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде қоғамдық көлікте көрген келеңсіздіктерін айтып берді.
Алматы, NEGE. Ол қоғамдық көліктерге отырып, жұмысын тексерген.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ерболат Досаевқа ұқсайтын адамның автобуста түскен суреттері пайда болған еді. Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде Досаевтың өзі сол сапар туралы айтып берді.
"Өткен күні мен қоғамдық көлікті пайдаланып көрдім. 32-ші автобусты 30 минут күттім, себебі сол күні төрт автобус жұмысқа шықпаған. Бұл миллионнан астам халқы бар қаланың басты проблемасы", - деді Досаев.
Әкім Алматыдағы BRT жобасының мәселелері айқын екенін мойындады. BRT жобасы 5 жылда аяқталмады, қазір реттелмейтін жерасты өткелдері және автобус маршруттарының жүріс аралығының болмауы сынды айқын мәселелер бар. Бұл туралы қала әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде сұраққа жауап бере отырып айтты.
"Сондықтан жақын арада 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз. BRT-тіні дұрыс жолға қоямыз деп уәде беремін", - деді Алматы әкімі.
Ерболат Досаев BRT-ны салу жұмыстары соңына дейін жеткізілетінін айтты.
«Егер байқасаңыздар, классикалық BRT Тимирязев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан басталып, белгіленген жолаққа дейін жетеді. Ал жолақтың оң жағында бүгінде бағдаршам сайын көліктердің кептелісі пайда болып отыр. Мәселелер бар және оны бәріміз бірлесе отырып шешетін боламыз. Шын мәнінде, ешкім де басталған жұмысты тастағалы отырған жоқ. BRT-ны салып бітіреміз. Бірақ, алдымен оның тиімді жолын анықтап алуымыз керек», - деді Ерболат Досаев.
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғындары Тимирязев көшесі бойындағы BRT желілерін шеткі оң жақ жолаққа ауыстырмауды сұрады. Жауап ретінде Досаев BRT желілерін неге өзгерту жоспарланып отырғанын түсіндірді.
"Мен оны жаман деп айтпаймын, өйткені мені айыптап жатыр, Досаев BRT-ге салған төрт миллиард теңгені "жоқ" қылмақшы деп. Бірақ проблемалар бар екені анық. Бұл туралы жобаның бастамашылары да айтып жатыр. Жоба бес жылда аяқталмаған. Мысалы, басты мәселе ҚазҰУ маңында, себебі ол жерде жаяу жүргіншілер өткелі реттелмеген, бұл көлік кептелісін тудырады. Сондықтан проблемаларды шешу қажет: егер BRT іске қосылса, онда тиісті аралықтар болуы керек, жылжымалы құрам болуы керек және т.б. Бірақ бүгінде ол жоқ", - деді қала әкімі.
Оның айтуынша, BRT желісінің проблемасы басқа дүниеде. Досаев автобуспен келе жатып жолға қанша уақыт кеткенін есептегенін айтты.
"Мен №32 автобус бойынша қанша жол жүргенімізді есептеп көрдім. Байқасаңыз, классикалық BRT тек Тимирязев – Байтұрсыновтан басталып, арнайы жолақ орналасқан жерге дейін жетеді. Ал бүгін автобустар жүретін оң жақ жолақта әр бағдаршамда тұрып қаламыз. Сондықтан, проблемалар бар, оларды бірге шешеміз. BRT бойынша атқарылған жұмысты ешкім жоққа шығармайды.
Менің түсінуімше, бұл туралы айтқандардың өздері автобуспен жүріп көрмеген. Мен олардың да автобуспен жүріп, қалай екенін білгенін қалаймын. Кез келген уақытта көрсін. Жеке көліктің терезесінен бәрі басқаша көрінеді екен. Түйткілдер бар және біз оларды бірге шешеміз. Аяқталған жұмысты ешкім жоққа шығармайды. BRT желісін аяқсыз қалдырмаймыз", - деп түйіндеді сөзін Ерболат Досаев.
Алматы қаласы еліміздегі ірі мегаполистердің бірі болғандықтан қоғамдық көлікпен жүру мәселесі жиі талқыға түсіп жатады. Өйткені, халық саны көп. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерден басқа жеке көліктердің саны да көп болғандықтан қалада кептеліс өте көп болады. Автобуспен қатынайтын тұрғындар қоғамдық көліктегі адам санының көптігінен қысылып баратындарын де жиі айтып жатады. Алматы қаласының әкімі осы мәселелерді тез арада шешу керектігін айтты.