USD
USD
USD

30 азаматтың тұрғын үй сертификаты бойынша өтінімі мақұлданды

Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтар қатары көбеюде.

30 азаматтың тұрғын үй сертификаты бойынша өтінімі мақұлданды
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Бүгінгі таңда банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау туралы хаты негізінде тұрғын үй сертификатын иеленген азамттар саны 30-ға жетті.

Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының жекешелендіру және несиелік тұрғын үй бөлімінің басшысы Гүлнар Әшірбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Әзірге тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына сәйкес келген қала тұрғындарының басым көпшілігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы» несиелік бағытының қатысушылары.

Қазіргі таңда www.kezekte.kz интернет порталы арқылы жалпы саны 336 азаматтан тұрғын үй сертификатына өтінім келіп түскен. Оның ішінде 268 өтінім бойынша тұрғын үй сертификатын берудің жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуі себепті бас тартылған.

Атап айтсақ, 178 азамат құжаттарын толық жібермеген. 11 өтінім иесінің деректері анық емес, ал 79 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына мүлде сәйкес келмеген.

Құжаттарын толық жібермеген және деректері анық емес азаматтар тұрғын үй сертифкатына қайта өтінім жібере алады.

Шымкент қаласында тұрғындарды несиелік бағытта баспанамен қамту бойынша жүйелі іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек