USD
USD
USD

300-ден астам әскери борышын өтеген азамат ҰБТ-сыз оқуға түседі

  Маңғыстау облысында Отан алдындағы борышын өтеген 300-ден аса сарбаз бен теңізші жоғары оқу орнына ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ түсе алады.

300-ден астам әскери борышын өтеген азамат ҰБТ-сыз оқуға түседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақтау гарнизонында өткен кездесуде қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді. Дархан Ахмедиевтің айтуынша, 40-тан аса университетпен екіжақты келісімге қол қойылған. Тізімде Ақтаудағы мемлекеттік университет те бар. «Биыл еліміз бойынша 3 мың грант бөлінді. Әскери даярлықтан өту кезінде жақсы нәтиже көрсетіп, тәртібі өзгелерге үлгі болған әскери қызметшілерге бөлім қолбасшылығы ұсыным береді. Одан әрі комиссия қарап, шешім қабылдайды», – деді министрдің орынбасары. Пилоттық жобаны отандық IT-компаниялар да қолдап отыр. Оқуға дайындалуы үшін жауынгерлерге ноутбуктер мен планшеттер тарту еткен.  

 Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

– Біз осы 3 мың сарбазды іріктеп алу үшін арнайы ақпараттық жүйе құрған болатынбыз. Бұл, процесстердің тазалығын әрі ашықтығын бақылау үшін жасалған. Ол жүйеге сарбаздар кіріп, өздерінің бағаларын көре алады. Одан бөлек, ол платформада электронды кітапхана бар. Оған кіріп, материалдармен танысады. ЖОО-ға өз мамандығы бойынша дайындалуына мүмкіншілік жасалып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park