USD
USD
USD

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

Қалалық прокуратура елордадағы «Mardan» тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысына қатысты резонансты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлады. Қылмыстық іс бойынша төрт күдікті қамауға алынды.

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі
Фото: ortcom.kz

Астана, NEGE. Астана прокурорларының хабарлауынша, қылмыстық топтың әрекетінен 274 отбасы зардап шекті, келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,1 млрд теңге деп бағаланып отыр.

«Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар міндетті рұқсат құжаттарынсыз салымшылардың ақшалай қаражатын тартып, оны мақсатсыз пайдаланған, ал құрылыс жұмыстары заңбұзушылықтармен жүргізілген», – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Соттың санкциясымен құны 1 млрд теңгеден асатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.

«4 күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды», – деп хабарлады қалалық прокуратура.

Елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын тиісті рұқсат құжаттарының бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық