USD
USD
USD

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

29 маусымда Астанада Парламент Сенатының соңғы жалпы отырысы өтті.

Сенат
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғарғы палатаның 30 жылдық жұмысын қорытындылады.

«Құрметті әріптестер, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 30 жылдық тарихындағы соңғы отырысы өтті. Ертең палаталардың бірлескен отырысында кезекті сессия ресми түрде жабылады. 1 шілдеден бастап жаңа Ата заңға сәйкес, Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Тамыз айында бір палаталы Парламент – Құрылтайға сайлау өтеді. Осылайша, 1995 жылғы Конституцияға негізделген қос палаталы Парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды», – деді Сенат төрағасы.

Оның айтуынша, екі палаталы Парламент 30 жыл бойы үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істеп, Парламент қабырғасында мемлекет тағдырын айқындаған тарихи шешімдер мен заңдар қабылданды. Осы кезеңде Сенаттың 890-нан астам жалпы отырысы өткізілген, сол отырыстарда 3500-ден астам заң қабылданған. Олардың ішінде 350-ден астамына немесе әрбір оныншы заңға Парламент депутаттары бастамашылық жасаған.

«Азаматтарды алаңдатқан мәселелер бойынша Үкіметке  үш мыңға жуық депутаттық сауал жолданып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Осы атқарылған жұмыс барысында сенаторлар әрдайым халықтың мүддесіне табан тіреп,  мемлекетшілдік ұстанымнан айныған жоқ. Сенат тарихында 246 азамат депутаттық мандатқа ие болды. Олардың әрқайсысы халық сенімін абыроймен ақтап, ұлттық парламентаризмді дамытуға өз үлесін қосты», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сөз соңында Сенат төрағасы депутаттарға, аппарат қызметкерлеріне алғыс айтып, сайлаудан кейін жаңа форматта жұмысын бастайтын болашақ Құрылтай жұмысына табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция