USD
USD
USD

Алаяқ 30 млн теңге рәсімдемек болған

Павлодар облысында белгісіз адамдар 30 миллион теңгеге несие рәсімдемек болған ауыл тұрғыны қарыздан құтылды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті. 

Павлодар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алтай ауылының тұрғыны белгісіз нөмірден келген SMS хабарламаға сеніп, алаяқтарға өзінің деректерін айтып қойған. Оның айтуынша, өзін пошта қызметкері ретінде таныстырған адамдар барлық жеке мәліметтерін атап, курьер арқылы хат жолдайтындарын айтқан. Осыған сенген әйел SMS арқылы келген кодты хабарлаған.

Алайда, кейін ол жергілікті пошта бөлімшесіне хабарласқанда, олардың курьерлік қызмет көрсетпейтінін біліп, күдіктеніп қалады. Дереу ауылдың учаскелік инспекторы Рүстем Иманбаевқа жүгініп, көмек сұраған.

«Ол тез әрекет етіп, менің атымнан алынған 30 миллион теңгелік несиелерді жойып үлгерді. Уақытылы көрсетілген көмегі үшін алғыс айтамын. Егер ол болмаса, қарызға батып кетер едім», – деді ауыл тұрғыны.

Өз кезегінде полицей Рүстем Иманбаев азаматтардың өтінішіне жылдам жауап беру оның негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті