USD
USD
USD

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

12 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық ісі бойынша төрт адамға үкім оқылды. Олар 51 жәбірленушіге жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде залал келтірген деп айыпталды.

кісі өлімі
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Сот мәліметінше, айыпталушылар жәбірленушілерге пәтерлер, үй-жайлар және автотұрақ орындарын ұсынып, оның ақшасын қолма-қол, кей жағдайларда жеке шоттарына аудартып алған.

Бұдан бөлек, сотталушылар жалған сатып алу-сату шарттарын жасасу арқылы клиенттердің қаражатын иемденген, бұл ретте клиенттерден алынған 3 млрд теңгеден астам қаражат ЖШС-ның шотына түспеген. Салдарынан ЖШС-ға аса ірі мөлшерде залал келген.

Айыпталушылар тағылған айыппен келіспей, ақтау үкімін шығаруды өтінгенімен, жәбірленушілер залалдың өтелмеуіне байланысты сотталушыларға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

«Қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалу мән-жайларын және оның ауырлығын ескере отырып, келтірілген залалдың өтелмеуіне, кінәні мойындамауына байланысты сот сотталушыларға қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша 8 және 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындады», – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов