USD
USD
USD

2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр

СҚО-да полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 26 тамызда СҚО облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын апасының қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.

Тәртіп сақшылары жас балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды, ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салады. Жас балалары бар отбасылар жазатайым оқиғаға жол бермеу үшін терезеге бұғаттау құрылғыларын орнату туралы ойлауы керек. Сонымен қатар, баланың терезе алды тақтайына шықпауы үшін орындықтар мен басқа да заттарды терезенің маңынан алған жөн. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті