Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

2 жасар қыз бала терезеден құлап аман қалды

Қостанай облысында 2019 жылы туған бүлдіршін екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 жасар қыз бала терезеден құлап аман қалды
Фото: NEGE.kz

Рудный, NEGE.  Оқиға 26 қаңтар сағат 16:35 кезінде Рудный қаласының Тобыл көшесінде болған. 2 жасар бала үйінде 20 жастағы әпкесімен бірге болған. Әпкесі қонақ бөлмеде отырғанда, сәби ас үйдегі терезе маңында ойнап жанында ойнап жүрген. Кенет ол ашық қалған терезеден сыртқа құлап кеткен. Абырой болғанда бала үйілген қардың үстіне түскен. Кішкентай қыз бірден Рудный көпсалалы ауруханасына жеткізілді. «Тексеруден кейін балалар бөлімінің дәрігерлері оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта бала үйде ата-анасының қарауында» дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Облыстық ТЖД балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға шақырады. Сонымен қатар терезелерге қауіпсіздік торын орнатуды ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң

Астанада бес жасар баланы ойын алаңында тоқ соқты

Бала

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты