USD
USD
USD

2 мыңнан астам студент шетелден елге келді

Шетелде оқыған 2 мыңнан астам студент Қазақстандағы жоғары оқу орындарына ауысты.

2 мыңнан астам студент шетелден елге келді
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы, NEGE.  Білім министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттерге Қазақстандағы жоғары оқу орындарына ауысуға көмек жасалған. «Студентерге құжаттарды рәсімдеу барысында жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жеңілдетілген формат ұсынылды. Шетелдік жоғары оқу орындарының басым бөлігі қазақстандық жоо-лар сияқты оқу жылын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып бастады. Алайда, кейбір шетелдік ЖОО-лар өз студенттеріне қашықтан оқытуды жалғастыру үшін платформалар ұсына алмады», - деді министрлік. Тамыз айының басында БҒМ оқуын жалғастыру үшін өзіне байланысты емес себептер бойынша елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсете бастаған. «Алдын ала қабылданған шешімдердің арқасында 2 мыңнан астам қазақстандық студент елдегі жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында арнайы жедел желі іске қосылып, құжаттарды қабылдау процедурасы жеңілдетілді», - деп толықтырды ведомство.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны