USD
USD
USD

2 мыңнан астам алматылық саяжайына барды

Алматыда екі мыңнан астам адам саяжайларына бару үшін қаладан шыққан, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 мыңнан астам алматылық саяжайына барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талдауға сәйкес, өткен күні 1021 автокөлік пен 2 мың 93 адам саяжайларына бару үшін бақылау-өткізу пункті арқылы қаладан шығып кетті. Азаматтардың көпшілігі жол тосқауылдарын жаяу жүріп өтті. «Бақылау-өткізу бекеттерінде жұмыс істейтін қызметкерлермен әрбір адамның жағдайы жеке қарастырылды. Біз сол жерде туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге тырыстық.

Қарт адамдарға ауыр қораптарды, көшеттері бар қораптарды тасымалдауға көмектестік. Еріктілерді жұмылдырдық. Саяжайларға барғысы келетін азаматтардың негізгі ағымы Первомай саяжайлары, Есік саяжайлары, Қаскелең саяжайларының және Іле өзенінің бағыттарындағы посттарда байқалды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.